# ONAIR — вайб кодинг

> ONAIR — вайб кодинг (iPhone/iPad app by Zhambyl Baqytkeldi.)

- Source: https://appshunter.io/ios/app/onair/id6773207884 (this page in markdown: same URL + `.md`)
- Developer: [Zhambyl Baqytkeldi](https://appshunter.io/developer/6773207886)
- Category: Education
- Price: Free
- Age rating: 4+
- Requires: iOS 15.1 · 38 MB
- Languages: American English
- Released: 2026-05-29
- Data updated: 2026-08-20
- User reviews in markdown: https://appshunter.io/ios/app/onair/id6773207884/reviews.md

## What is ONAIR?

ONAIR — вайб кодинг мектебі. Мұнда сен код жазуды үйренбей-ақ, жасанды интеллект көмегімен мобиль қосымша, Telegram бот және сайт жасауды меңгересің.

Бағдарламалау тілін жылдап оқудың қажеті жоқ. Идеяңды дұрыс жеткізуді үйренсең — қалғанын AI жазады. Бірінші жобаңды алғашқы аптада іске қосасың.

КУРСТАР
- ВАЙБ КОДИНГ — Claude Code арқылы өнім жасау негіздері
- ВАЙБ КОДИНГ · App Zero — нөлден мобиль қосымша жасау
- ВЕБИНАР BIZON365 — вебинар өткізу және сату

ҚОСЫМШАДА НЕ БАР

Видеосабақтар — тоқтаған жеріңнен жалғастырасың, жылдамдықты өзің таңдайсың.

Прогресс — қай сабақта тұрғаныңды көресің, курсты бітіргенде сертификат аласың.

ONAIR AI — қосымша ішіндегі көмекші. Идеяңды талқыла, промпт жазып ал, қатеңді түсіндіртіп ал.

Менің жұмыстарым — жасаған жобаңды галереяға қоясың, оны сурет қылып әлеуметтік желіге бөлісесің.

Қауымдастық — Telegram чатында сұрақ қоясың, жобаңды көрсетесің.

Ментор туралы — Жамбылдың жолы: неге вайб кодинг, қалай бастады.

Қорғаныс — Face ID немесе Touch ID арқылы құлыптау.

Қазақша және орысша.

КІМГЕ АРНАЛҒАН

Идеясы бар, бірақ бағдарламалауды білмейтіндерге. Бизнесін автоматтандырғысы келетіндерге. IT-ге кіргісі келіп, қайдан бастарын білмейтіндерге.

Оқушыларымыз әртүрлі: имам да, мұғалім де, кәсіпкер де, студент те бар.

Курстарға қол жеткізу ONAIR оқыту платформасы арқылы ашылады. Аккаунтыңмен кіріп, сатып алған курстарыңды қосымшадан көресің.


## Version history (last 5 releases)

### 1.1.0 — 2026-08-15

ONAIR толығымен жаңарды. Қосымша енді студия брондау емес — вайб кодинг мектебі.

- Курстар, видеосабақтар, прогресс пен сертификат
- ONAIR AI — идея талқылау, промпт жазу, қате түсіндіру
- Менің жұмыстарым — жобаңды көрсет, сурет қылып бөліс
- Ментор беті — Жамбылдың жолы туралы
- Жаңа дизайн, жылдамырақ жұмыс
- Қазақша және орысша

### 1.0.5 — 2026-07-04

• Курстар бөліміне Google және Apple арқылы жылдам кіру
• Тұрақтылық пен қауіпсіздік жақсартулары
• Ұсақ түзетулер мен өнімділік

### 1.0.4 — 2026-06-15

Бұл нұсқадағы жаңалықтар:

«Курстар» бөлімі
• Санат бойынша іздеу мен сүзгісі бар онлайн-курс каталогы
• Көру орнын сақтайтын ыңғайлы бейнеплеер
• Курстар модуль мен сабақтарға бөлінген
• Тегін сабақтар бірден қолжетімді

Оқу
• Сабақтарға тест, материал, сұрақтар мен ескертпелер
• Өту барысын бақылау
• Курс аяқталғанда сертификат
• Курс жаңалықтары туралы хабарландырулар

Тұрақтылық
• Бейне ойнату тұрақтылығы артты
• Қателер түзетілді, өнімділік жақсарды

### 1.0.2 — 2026-06-03

— Push хабарландырулар: жаңа бронь, чат, сториз және еске салулар
— Сториз жетілдірілді: свайп жабу, тоқтату, сілтеме батырмасы, комментарийлер
— Чат пен брондау түзетілді
— Жүктелу жылдамдығы жақсартылды

### 1.0.1 — 2026-05-30

— Push хабарландырулар: жаңа бронь, чат хабарлама және жазылу еске салу
— Чат жетілдірілді: клиент аты мен нөмірі дұрыс көрсетіледі
— Пернетақта мәселесі шешілді: форма өрістері жабылмайды
— Сториз нақты уақытта жаңарады
— Аватар дұрыс қиылады
— Шығу кезінде басты бетке автоматты оралу
— Жалпы жылдамдық пен тұрақтылық жақсартылды

---

*Data collected daily from the US App Store and indexed by [AppsHunter](https://appshunter.io/). User reviews are verbatim App Store reviews. Ratings, prices and chart positions refresh continuously; this snapshot is from 2026-08-20.*
