# Tanda: қазақша аудиокітаптар — Тыңда, оқы, бірге дамы

> Тыңда, оқы, бірге дамы (iPhone/iPad app by Usman Sulaimanov.)

- Source: https://appshunter.io/ios/app/tanda/id6833668425 (this page in markdown: same URL + `.md`)
- Developer: [Usman Sulaimanov](https://appshunter.io/developer/6833668427)
- Category: Books, Education
- Price: Free
- Age rating: 12+
- Requires: iOS 15.0 · 13 MB
- Languages: American English
- Released: 2026-11-13
- Data updated: 2026-11-18

## What is Tanda?

Tanda — қазақ тіліндегі аудиокітаптар мен электронды кітаптарға арналған қосымша. Сүйікті шығармаңызды жолда, спортта, үйде — өзіңізге ыңғайлы кез келген жерде тыңдаңыз немесе оқыңыз.

АУДИОКІТАПТАР
• Кәсіби дикторлардың дауысымен жазылған шығармалар
• Экран сөніп тұрса да, басқа қосымшаны ашсаңыз да тыңдау тоқтамайды
• Құлыптаулы экраннан басқару: ойнату, тоқтату, алға-артқа айналдыру
• Ойнату жылдамдығы: 0.75x-тен 2x-ке дейін
• Ұйқы таймері — ұйықтар алдында тыңдауға ыңғайлы

ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПТАР
• Көзге ыңғайлы оқу: қаріп өлшемін өзгерту
• Төрт түс тақырыбы: ақ, сепия, сұр және түнгі режим
• Тоқтаған жеріңіз сақталады — келесі жолы сол беттен жалғастырасыз
• Оқу барысы сайт пен қосымша арасында ортақ

ПАРАҚТА — ОҚУ ӘДЕТІ
• Оқу таймері: күнделікті қанша оқығаныңызды қадағалаңыз
• Достарыңызбен оқу топтарын құрып, бірге оқыңыз
• Таймер біткенде және оқитын уақыт келгенде еске салғыш хабарлама

ОҚЫРМАНДАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ
• Кітаптардан жүрекке жақын үзінділер
• Оқырмандар рейтингі
• Кітаптарға пікір қалдыру, орынсыз пікірге шағымдану, оқырманды бұғаттау
• Сөреңіз: оқып жүрген, кейін оқитын және оқылған кітаптар

ҚАУІПСІЗДІК
• Apple, Google немесе электронды пошта арқылы кіру
• Барлық байланыс шифрланған (HTTPS)
• Аккаунтты кез келген уақытта қосымшаның ішінде жоюға болады

Tanda-дағы барлық шығармалар авторлар мен баспалардың рұқсатымен орналастырылған.

Сұрақ немесе ұсыныс болса: tandamenapp@gmail.com

## Is Tanda safe?

Not enough ratings yet to assess Tanda.

## Is Tanda legit?

Tanda: қазақша аудиокітаптар has limited verification signals. The AppsHunter Legitimacy Score for Tanda is 58 out of 100 points across 7 verification signals from App Store and developer data.


## Version history (last 3 releases)

### 1.0.2 — 2026-11-17

• «Парақта» таймері: 15/30/45 минут немесе өз уақытыңыз; таймер біткенде әуенмен хабарлайды және құлып экранында көрінеді
• Электронды кітап: бет нөмірі дәл көрсетіледі, парақтау тегіс жұмыс істейді
• Ойнатқыш жақсартылды: тыңдалған бөлік жолақта боялады, ойнатқышты жапқанда құлып экранынан кетеді
• Авторлар үшін: оқырман режимі мен автор кабинеті арасында ауысу
• Артқа свайп, іздеу, «Менің сөрем» және хабарламалар беттеріндегі қателер түзетілді
• Жалпы тұрақтылық пен жылдамдық жақсартылды

### 1.0.1 — 2026-11-14

• Жаңа хабарламалар енді телефонға уведомление болып келеді
• Хаттар толық экранда ашылады
• Қосымша ашылғанда Tanda логотипі шығады
• Пілдә мен «Тексерілген оқырман» белгісін басқанда түсініктемесі шығады
• Аудио тұрақты ойнайды, бірнеше қате түзетілді

### 1.0 — 2026-11-13

No release notes.

---

*Data collected daily from the US App Store and indexed by [AppsHunter](https://appshunter.io/). User reviews are verbatim App Store reviews. Ratings, prices and chart positions refresh continuously; this snapshot is from 2026-11-18.*
