
Free
Rating summary
About
ONAIR — вайб кодинг мектебі. Мұнда сен код жазуды үйренбей-ақ, жасанды интеллект көмегімен мобиль қосымша, Telegram бот және сайт жасауды меңгересің.
Бағдарламалау тілін жылдап оқудың қажеті жоқ. Идеяңды дұрыс жеткізуді үйренсең — қалғанын AI жазады. Бірінші жобаңды алғашқы аптада іске қосасың.
КУРСТАР
- ВАЙБ КОДИНГ — Claude Code арқылы өнім жасау негіздері
- ВАЙБ КОДИНГ · App Zero — нөлден мобиль қосымша жасау
- ВЕБИНАР BIZON365 — вебинар өткізу және сату
ҚОСЫМШАДА НЕ БАР
Видеосабақтар — тоқтаған жеріңнен жалғастырасың, жылдамдықты өзің таңдайсың.
Прогресс — қай сабақта тұрғаныңды көресің, курсты бітіргенде сертификат аласың.
ONAIR AI — қосымша ішіндегі көмекші. Идеяңды талқыла, промпт жазып ал, қатеңді түсіндіртіп ал.
Менің жұмыстарым — жасаған жобаңды галереяға қоясың, оны сурет қылып әлеуметтік желіге бөлісесің.
Қауымдастық — Telegram чатында сұрақ қоясың, жобаңды көрсетесің.
Ментор туралы — Жамбылдың жолы: неге вайб кодинг, қалай бастады.
Қорғаныс — Face ID немесе Touch ID арқылы құлыптау.
Қазақша және орысша.
КІМГЕ АРНАЛҒАН
Идеясы бар, бірақ бағдарламалауды білмейтіндерге. Бизнесін автоматтандырғысы келетіндерге. IT-ге кіргісі келіп, қайдан бастарын білмейтіндерге.
Оқушыларымыз әртүрлі: имам да, мұғалім де, кәсіпкер де, студент те бар.
Курстарға қол жеткізу ONAIR оқыту платформасы арқылы ашылады. Аккаунтыңмен кіріп, сатып алған курстарыңды қосымшадан көресің.
Show more
What's New in ONAIR
1.1.2
September 16, 2026
Тікелей дәріс бөлімі қосылды: эфирді тікелей аппта көресіз, жазбасы да сақталады. Тік форматтағы эфир енді толық экранда, чатпен бірге көрсетіледі. Эфир кезінде сұрақ қоюға болатын чат пайда болды. Хабарламалар мен қолжетімділік жүйесі жақсартылды.
More



