Comparison

Urker Lab vs Aitora

Price, ratings, monetisation and update history for both apps, side by side — with what reviewers say about each.

Head to head
About

Urker Lab

Features
Read full description

Urker Lab — ҰБТ-ға дайындалып жүрген оқушыларға арналған жаңа форматтағы мамандық бағдарын анықтау қосымшасы. Бұл — тест те, сауалнама да емес. Мұнда дұрыс немесе бұрыс жауап жоқ. Сен жай ғана өзіңе қызық тақырыптарды оқисың: ғылым, тарих, экономика, медицина, өнер және басқа да көптеген салалар. Ал қосымша сенің шынайы қызығушылықтарыңды оқу барысындағы әрекеттеріңе қарап анықтайды. ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ? • Күн сайын бірнеше минут бойы әртүрлі тақырыптарды қарайсың. • Тақырыптарда пән атаулары әдейі көрсетілмейді. Осылайша сен пәнге деген алдын ала көзқарасыңа емес, өзіңнің шынайы қызығушылығыңа сүйеніп таңдайсың. • Жеткілікті дерек жиналғаннан кейін, қосымша саған қай ҰБТ пәндері мен мамандықтар көбірек сәйкес келуі мүмкін екенін көрсетеді. • Нәтиже — нақты шешім немесе үкім емес, өзіңе лайық бағыттарды әрі қарай зерттеуге арналған ұсыныс. НЕГЕ БАСҚАША? Көптеген мамандық таңдау тестері «Саған не ұнайды?» немесе «Өзіңді болашақта кім ретінде елестетесің?» деп сұрайды. Бірақ мұндай жауаптар кейде адамның шынайы қызығушылығынан гөрі, өзі туралы ойлаған бейнесін көрсетуі мүмкін. Urker Lab басқа тәсілді қолданады: біз сенің не ойлайтыныңды сұрамаймыз, нақты неге қызығатыныңды оқу барысындағы әрекеттерің арқылы анықтаймыз. ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ — БІРІНШІ ОРЫНДА • Барлық дерек тек осы құрылғыда сақталады. • Деректер серверге жіберілмейді және үшінші тараптармен бөлісілмейді. • Жеке аккаунт ашудың немесе тіркелудің қажеті жоқ. • Параметрлер арқылы деректеріңді кез келген уақытта өшіре аласың. КІМГЕ АРНАЛҒАН? 9–11 сынып оқушыларына, ҰБТ-ға дайындалып жүргендерге және болашақ мамандығын таңдауға ойланып жүрген жасөспірімдерге арналған. Ескерту: Urker Lab кәсіби кеңес немесе диагноз бермейді. Нәтижелерді мұғаліміңмен, ата-анаңмен немесе маманмен бірге талқылап, мамандық таңдау туралы шешімді басқа да ақпараттарды ескере отырып қабылдаған жөн.

About

Aitora

Features
Read full description

Aitora — ҰБТ-ға дайындалуға және үй жұмысын орындауға көмектесетін ЖИ-репетитор. Тапсырманы қадам-қадаммен түсіндіреді, шешіміңді талдап, қатені табады — қазақ немесе орыс тілінде. НЕ ІСТЕЙ АЛАДЫ • Дайын жауап емес, қадам-қадаммен талдау: әр қадам неге дәл солай, қысқа қорытынды және ҰБТ-да керек болатын ереже. • «Шешімімді тексер» — шешіміңді мәтінмен немесе фотомен жібер, Aitora қатені тауып, оны қалай түзету керегін түсіндіреді. • Тапсырманың фотосы: шартын суретке түсір — талдау сол чатқа келеді. • «Оңайырақ түсіндір» және «Тағы бір мысал» — жауаптың астында бір батырмамен. • ҰБТ-ның барлық пәні: Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы және өзің таңдаған екі бейіндік пән. • Кез келген пән бойынша үй жұмысына көмек — сол қадам-қадаммен талдау. • Талдаудан кейін тақырып бойынша жаттығу сұрақтары. • «Қайталаған жөн» — қате жіберген тақырыптарың автоматты түрде жиналады. • ҰБТ-ға дейінгі кері санақ және күнделікті еске салу. • Интерфейс қазақ және орыс тілдерінде, жарық және қараңғы тема. МІНДЕТТІ ТІРКЕЛУСІЗ Бірден бастауға болады. Тарих пен жазылымды басқа құрылғыларда сақтағың келсе, Apple немесе Google арқылы кір. AITORA PLUS Күніне шектеулі сұрақ саны тегін. Aitora Plus жазылымы күнделікті лимитті алып тастайды. Айлық және жылдық жазылым бар. Төлем сатып алуды растаған кезде Apple ID-ден алынады. Ағымдағы кезең аяқталуына кемінде 24 сағат қалғанда автоұзарту өшірілмесе, жазылым автоматты түрде ұзартылады. Жазылымды Apple ID баптауларында басқаруға және тоқтатуға болады. МАҢЫЗДЫ Aitora — тәуелсіз көмекші, Ұлттық тестілеу орталығына қатысы жоқ. Жаттығу сұрақтары ресми ҰБТ тапсырмалары емес. ЖИ қателесуі мүмкін: оқулықпен салыстыр және қателер туралы қосымшаның ішінде хабарла. Пайдалану шарттары: https://aitora.msadykov.dev/ru/terms Құпиялылық саясаты: https://aitora.msadykov.dev/ru/privacy

Screenshots

Urker Lab4 screens
Aitora4 screens

Verdict

The call

The clearest difference is in-app purchases: Urker Lab at none against Aitora's 2. On price, ads, device support and iOS requirement there is nothing between them.

Scored on Price · Rating · Positive reviews · Number of ratings · Update frequency · Ad data · In-app purchases · Monetization · Best chart rank · Devices · Requires iOS

CostPrice · In-app purchases · Ad data · Monetization

Both are free to download. Aitora sells 2 in-app purchases, starting at $8.99 per month. Urker Lab asks for nothing beyond the download.

Scorecard1 real difference · 5 level
Urker Lab versus Aitora: the parameters behind the verdict, then further details
ParameterUrker LabAitora
PriceFreeFree
Update frequency—Every 2 days
Ad dataNoNo
In-app purchasesNo — betterYes
DevicesiPhone, iPod — betteriPhone
Requires iOS15.0 — better16.4
Further details — not scored
Size31 MB47 MB
Age rating4+4+
DeveloperGassyr BakubayMarat Sadykov

In-app purchases

None

Urker Lab

No in-app purchases

2 purchases

Aitora

Subscriptions2
  • Aitora Plus Monthly$8.991 Month
  • Aitora Plus Yearly$49.991 Year

Questions

Is Urker Lab free?
Urker Lab is free to download, with no in-app purchases.
Is Aitora free?
Aitora is free to download, with in-app purchases available.
Do Urker Lab or Aitora have ads?
Neither Urker Lab nor Aitora lists data used for advertising in its App Store privacy details.

Other comparisons